Коронавирус

Балабақшалар қашан ашылады?

Елімізде төтенше жағдай режиімі алынып тасталды. Әйтсе де, әлі де болса коронавирустың таралу қаупі жоғары. Сондықтан, аймақтағы шектеу шараларын жеңілдету кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Асқаров мәлімдеді.  

Қанат Асқаровтың айтуынша, әзірге аймақтағы балабақшалар мен орталықтардың жұмысына рұқсат берілмейді. Бұл – бүлдіршіндерді қорғау мақсатында қабылданған шешім.

– Балабақшалар мен мектепке дейінгі мекемелер бізде төртінші санаттағы жеңілдету деңгейінде. Оларды ашқанға дейін кезекші топтар да болмайды. Біз балалардың денсаулығына қауіп төндіре алмаймыз, – деді Қанат Асқаров.

Бұдан бөлек, қоғамдық тамақтану орындары мен ірі сауда орталықтарының жұмысына да тыйым салынған. Өйткені, кейбір мемлекеттерде карантин алынып тасталған соң, вирус қайта өршіп кеткен. Сондықтан, халық көп жиналатын жерлердің жұмысына әзірге рұқсат берілмейді. 

Басқа материалдар

Back to top button