Жаңалықтар

Балқаштық полицейлер есірткі сатушыдан 200 доза «синтетика» тәркіледі

Балқаш қалалық ІІБ есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері аса ірі көлемде есірткіні тасымалдады және сақтады деген күдікпен 23 жастағы тұрғынды құрықтау арқылы синтетикалық есірткі сатудың жолын кесті.

Сурет: Polisia.kz

Бұл Балқашқа кіре берістегі дәмханалардың бірінің маңында болған. Тексеру барысында полицейлер ер адамнан салмағы 1 граммға жуық ақ түсті зат тәркіледі. Сонымен қатар, оның қолынан шыққан қоймадан 200 грамға жуық сол зат табылды. Сараптама бұл заттың эфедрон екенін анықтады. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button