Аймақ

Балқашта төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Балқаш қаласында жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялануы мүмкін.

Сурет: baigenews.kz

Қарағанды облысы Балқаш қаласы аумағында жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Темірхан Айдарханұлы Айдарханов тағайындалсын», – делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Балқаш қаласының әкімі Сапар Сатаевтың шешім-жобасында.

Естеріңізге сала кетейік, 6 маусымда Балқашта қатты жел тұрып, Қараменде би көшесіндегі бес қабатты үйдің шатыры ұшып кеткен болатын. Апат салдарынан құлаған шатырдың астында екі көлік қалып қойды. Зақым келген автокөліктің ішінде болған жүргізушілердің бірі ауруханаға жеткізілді.

Сондықтан аталған апаттың салдарын жою үшін шаһар аумағында төтенше жағдай жариялау ұсынылып отыр.

Шешім-жобасы 22 маусымға дейін ашық талқылауда болады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button