Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Балқаш қаласындағы «Казэнергоцентр» ЖШС-нің электр энергиясы тарифін көтеру мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

Шарада «Казэнергоцентр» ЖШС-нің Балқаш қаласындағы электр энергиясын бөлшек саудада өткізу қызметтерінің шекті бағасын көтеру туралы мәліметтер қаралады. Қоғамдық тыңдау М. Хамзин атындағы мәдениет сарайында ( «Рухани жаңғыру» жастар орталығында) 16 ақпан күні сағат 17.00-ге жоспарланып отыр. Шараға барлығы қатыса алады.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.