АймақБалқаш

Балқашта Ағыбай батыр көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталды

Балқаштықтардың біраздан бері бас ауруына айналған орталық көшеде жөндеу жұмыстары басталды. Атап айтқанда, Ағыбай батыр көшесінде. Орташа жөндеу жұмыстары Қадыржанов көшесінен Қараменде би көшесіне дейінгі аралыққа жүргізіледі. Қазіргі уақытта «Тастемір» ЖҚК ЖШС мердігерлік ұйымы дайындық жұмыстарын бастап кеткен.

Балқаш қаласы

Қазір Қадыржанов көшесінен Қараменде би көшесіне дейінгі аралықтағы жол орташа жөндеу жұмыстарына жабылды. 17 шілдеге дейін жол көлік қозғалысы тоқтатылады.

Балқаш қаласы

– Қаланы жиі аралаймын. Қалаішілік жолдардың жағдайын жақсы білемін. Былтырдан екінші және үшінші кезектегі қалаішілік су құбыры желілерін қайта құру жобасы басталған болатын. Аталған жоба аясында жол астындағы құбырлардың шамамен 80%-ы ауыстырылады. Яғни ұзындығы 124 шақырым магистральдық және кварталішілік сумен жабдықтау желілері ауыстырылады. Біз әуелі су құбырларын толық жөндеп алып, соңында асфальт төсейміз. Биыл Ағыбай батыр мен Әлімжанов көшелері бойындағы жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал, басқа көшелерге асфальт құбырлар тартылып болған соң төселеді, – деді Балқаш қаласының әкімі Сапар Сатаев.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button