АймақБалқаш

Балқаш сусыз қалды

Кеше Балқаштағы Қоңырат шағын ауданы мен Балқаш станцияндағы магистральдық су құбырында ірі апат болып, тұрғындар бір тәулік ауыз сусыз қалды. Бүгінде «Балқаш су» қызметкерлері жағдайды қалыпқа келтіруде.

– Қазіргі уақытта апатты жою мақсатында диаметрі 800 мм магистральді су құбыры тартылды. Жұмыс аяқталғанға дейін Балқаш қаласында, Қоңырат шағын ауданында және Балқаш станциясында ауыз су уақытша тоқтатылды. Төтенше жағдайлар бригадасы жедел режимде жұмыс істеп жатыр, – деді «Балқаш су» мамандары.

Қазір тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ауыз су қорын жинап үлгермеген қала тұрғындары дүкеннен бөтелкедегі суды сатып алуда. Ал, жөндеу жұмыстарының қашан аяқталатыны туралы аталмыш компания өкілдері алдағы уақытта хабарлайды.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button