Жаңалықтар

Балқаш пен Бурабайда туристер саны артады

Биылдан бастап Түмен өңірінің (Ресей) туристері Бурабай мен Балқаш көлінде кедергісіз демала алады. Қарағанды және ресейлік туроператорлар арасындағы ынтымақтастық туралы келісімшарт Қазақстан мен Ресей арасындағы XV аймақаралық ынтымақтастық форумы шеңберінде орнатылды. Форумда туризмді дамытудағы жаңа тәсілдер мен үрдістерді талқылады.

Түмен тұрғындары үшін әзірленген тур бағдарламасы Қазақстан Елордасының көрнекті жерлеріне шолу экскурсиясы мен Балқаш көліне трансферді қамтиды. Түмендіктерді жаңа туристік маршрутта күн мен жағажай демалысы ғана емес, сонымен қатар, тартымды бағалар да қызықтырады деп болжануда.

Балқаш курорттық аймағы – туризмнің өңірлік дамуының негізгі нүктелерінің бірі. Ол республикалық туристік картаның ТОП-10 нысанына енгізілген.

Ішкі және сырттан келу туризмін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жаңа нысандарды салуды, жағажайларды абаттандыруды, коммуникацияларды жүргізуді көздейді. Негізгі нысан ретінде Шұбартүбек және Тораңғылық демалыс аймақтары белгіленді.

Биылғы жылы ұзындығы 360 шақырымды құрайтын төрт жолақты «Қарағанды-Балқаш» автобанының құрылысын бастау жоспарланып отыр.

Басқа материалдар

Back to top button