Балқаш көлінде мұз жарылып, көлік суға батып кетті

Қарағанды облысында соңғы екі аптада 2 автокөлік суға түсіп кетті деп хабарлайды облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі. 

7 желтоқсан күні Ақтоғай ауданында ер адам мотоциклімен музға түсіп кеткен. Төтеншеліктер құтқарып алған тұрғын медициналық көмекті қажет етпеген. 

Екінші жағдай 8 желтоқсан күні болған. «УАЗ» автокөлігінің салонында 3 адам болған. Екеуі аман-есен, үшіншісі қайтыс боп кеткен.

Осы орайда Қарағанды облыстық ТЖД тұрғындайды абайлап жүруге шақырады. Сондай-ақ түнгі уақытта балыққа шықпауға кеңес береді. 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.