ЖаңаарқаСайлау – 2021

Байдалы би — белсенді

Ауыл әкімдерін сайлау Жаңаарқа ауданында да басталды. Сайлау учаскесі ашыла салысымен халық үміткерлерге дауыс беруге кезекте тұр. Әсіресе, Байдалы би ауылының азаматтары сайлауға белсенді қатысуда.

— Карантин талаптарын барынша ескерудеміз. Ауыл тұрғындары келіп, дауыс беруде. Көңіл-күйлері тамаша. Қазіргі уақытта отызға жуық тұрғын өз таңдауын жасады, — дейді 555 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Рсалды Әлтаева.

Алғашқылардың бірі болып дауыс берген ауыл тұрғыны Шолпан Қобжанова сайлаудан үлкен үміт күтетінін айтады. 

Қасымхан ҒАЛЫМ.

Басқа материалдар

Back to top button