Сайлау – 2021

Байқаушылар оқудан өтуде

Қарағандыда ауылдық округ әкімдері сайлауында тәуелсіз бақылау жүзеге асырылады. Сайлау процесін байқауға «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалы 500-ге жуық тәуелсіз байқаушыны даярлауда.

Елімізде тұңғыш рет ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтеді. Осы орайда сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын байқау үшін «Партиялық емес байқау орталығы» құрылып, жұмысын жолға қоюда. Аталмыш орталықта өңіріміздің 500-ге жуық байқаушысы арнайы оқытудан өтуде. Мақсатымыз – алдағы сайлаудың ашық, заңға сәйкес өтуіне өз үлесімізді қосу, – дейді «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Сұлтан Шаймағанбет.

Қазір байқаушылар арнайы оқытудан өтіп, сайлау үдерістеріне қатысты білімін шыңдауда. Жалпы, «Партиялық емес байқау орталығының» қызметі сайлауды, оның ішінде сайлау учаскелерінде байқау мен мониторинг жүргізу арқылы сайлау процесіне жүйелі түрде қатысуға бағытталған.

Салтанат ІЛИЯШ.

Басқа материалдар

Back to top button