Жаңалықтар

БАЙҚАУ! Қарағандыда үздік мектеп формасына байқау жарияланды

Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы мектеп киім-кешектерінің үздік дизайнерлеріне байқау жарияланды. Сайысқа кәсіби де, халықтық та идеялар қабылданады, – деп хабарлады Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы баспасөз-қызметі


Байқауға қатысу үшін бастауыш сынып оқушыларының (1-4 сынып) – қыздарға және ұлдарға арналған мектеп формасының үлгісін ұсыну қажет. Жарыс екі кезеңмен өтеді. 2018-ші жылдың 19 – 30 маусымы аралығында өтінімдер қабылданады. Екінші кезеңде модельдердің эскиздері, фотосуреттері және сипаттамасы, техникалық үлгілерді әзірлеу қарастырылады, оның мерзімі – 2-15 шілде.
Байқаудың басты мақсаттарының бірі «Қазақстанда жасалған» брендін және отандық өнім өндірушілерді қолдау болып табылады. Оған мектеп оқушылары, ата-аналар, педагогтар, шығармашыл адамдар қатыса алады. 
Қазылар алқасының құрамына дизайн саласы және қазіргі заманғы киім үлгісін тігетін мамандар, Білім басқармасының, ата-аналар қауымының, «Атамекен» Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының жанындағы жеңіл өнеркәсіп Комитетінің және т.б. өкілдері кіреді. Барлық қатысушылар алғыс хаттар алады. Ұйымдастырушылар жеңімпаздарға ақшалай сыйлық табыс етеміз деп уәде беруде, жәнеде олардың модельдері Қарағанды облысының аумағында бірыңғай мектеп формасы ретінде ұсынылатын болады. 
Байқауға қатысуға өтінімдер 30-шы маусымға дейін келесі электрондық мекенжайға жолдауға болады: worldpeace2006@mail.ru.
Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмірлері арқылы білуге болады: 
8 701 214 10 77, 8 700 999 55 99. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button