Рухани жаңғыру

«Бабалар сөзі»

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Бабалар сөзі» фольклорлық фестивалі ұйымдастырылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткен шара халық әндері мен ұлттық бидің тоғысқан мерекесі іспетті болды.
Фольклорлық фестиваль ұлттық музыка аспаптарының әуені, мың бұралған би мен әуелеген ән халқымыздың сан ғасырлық өнерінің көрінісіндей болып, бүгінгі күнге жетті. Мерекеге қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, өз ісінің мамандары екенін айғақтай алды.
Шара барысында шеберлік курстары ұйымдастырылып, қала мектептері арасында асық атудан, күш сынасудан сайыстар өткізілді. «Балдырған» бөбекжайының «Сылдырмақ» хоры, «Ботақан» вокал тобы, «Алтын батыр» стэп-мектебі өз өнерлерімен тәнті етті.
Қатысушылар халық әні, ұлттық би, ұлттық аспап әуендері, халық ауыз әдебиеті аталымдары бойынша өнерлерін ортаға салды.
Ұлттық киімдер, ұлттық ойындар, ұлттық әуендер жиналғандарды ата-бабамыз үстемдік еткен замандарға ойша жетелеп, сол уақыттың куәгері болуға мүмкіндік берді. Фестивальдің негізгі көздегені халықтың рухани асыл қазынасын жинақтау, насихаттау және келешек ұрпаққа жеткізу болатын. «Бабалар сөзі» фольклорлық фестивалі өзінің шығармашылығы арқылы келген қатысушыларды өткен күнге оралтып, болашақтың маңыздылығын бағалауға мүмкіндік берді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button