Басты тақырыпРуханият

Бағытымыз – айқын, бақытымыз – баянды!

        Бұқараның тілек-ниеті, әрине, жергілікті ақтарушы биліктің жұмысымен бір арнада. Жасыратыны жоқ, кәсіби мемлекет құру үшін кәсіби маман қажет. Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ ұсынған «100 қадам» Ұлт жоспары бұл мәселені толықтай шешуге сеп.Бұл жоспар – Мәңгілік Ел – Ұлы Қазақстанның айқын әрі нақты бағыт-бағдары…

Қарағанды өңірі де Ұлт жоспарын іс жүзінде жүзеге асыруға белсенді кірісіп кетті. Былтыр 2016 жылдың 1 қаңтарынан.

Жалпы, мемлекеттік қызметтің жаңа моделі мемлекеттік қызметшілердің қызмет сатысы бойынша жылжуына деген сенімділігін арттырады. Сондай-ақ, қызмет жолының тұрақтылығын қалыптастыруға бағытталады. Мемлекеттік қызметке жаңа бағыт, бағдарлар қосу мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттырады. Төменгі лауазымдарға кандидаттарды іріктеу және одан әрі лауазымдық өсіру іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Мұндай деректі ведомствоға қарасты облыстық де­партамент мамандары мәлімдеп отыр.

Ұлт жоспарының 15-қадамын іске асыру аясында елімізде «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін кешенді аттестаттау өткізілуде. Кешенді аттестаттау биылғы жылдың 1 ақпаны мен 1 шілдесі аралығына жоспарланған болатын.

Аттестаттаудың мақсаты – «Б» корпусы қызметшілерінің кәсіби әзірлік деңгейін және атқаратын лауазымдарына сәйкестігін айқындау.

Қарағанды облысы бойынша әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер арасында, яғни, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде – 3612, жергілікті атқарушы органдарда – 3786 мемлекеттік қызметкер аттестаттаудан өтті.

Қолдағы дерек аттестаттауға жататын қызметшілердің саны – 4859 (71,1 %) екендігін көрсетеді. Негізі, Қарағанды облысы бойынша аттестаттау 3 деңгейде өткізілді. Оның ішінде, 1 деңгейде – 39 қызметкер, 2 деңгейде – 2957 қызметкер, 3 деңгейде 1863 қызметкер аттестаттаудан өтті.

Тестілеу қорытындысы бойынша 1046 қызметші (21,53 %) – өте жақсы, 3468 қызметші (73,43 %) – тиімді, 226 қызметші (4,6 %) – қанағаттанарлық, 8 қызметші (0,2 %) – төмен нәтиже көрсетті. Қазіргі күннің көрсеткіші осындай. Өзіңіз бағамдай беріңіз…

Бұған қоса, облыстың 638 мемлекеттік органында 68 аттестаттау комиссиясы құрылған.

Бүгінгі таңда аттестаттауға жататын мемлекеттік қызметшілердің ішінен 339 қызметші аттестаттаудың 3-ші кезеңі – әңгімелесуден өтті.

Мемлекеттік қызметкерлермен әңгімелесу қорытындысы бойынша, 15 қызметші атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келіп, лауазымын жоғарылатуға ұсынылған.

Жалпы, 321 қызметкер атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді деген шешім шығарылды.

Керісінше, 3 мемлекеттік қызметкер атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және мемлекеттік лауазымын төмендетуге ұсынылған.

Жоғарыда жазғанымыздай, кәсіби мемлекеттік аппарат – кәсіби мемлекеттік қызметшілерден құрылады. Ал, ол – «100 қадам» Ұлт жоспарында айқын көрініс тапты. Елімізде жүргізілген кешенді аттестаттау мемлекеттік қызметшілердің кәсібилік дәрежесін көрсетті.

Р.S. Біз – Мәңгілік Елміз! Бағытымыз – айқын, бақытымыз – баянды!

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button