Қарағанды

Баға – бақылауда

Аз қамтылған және әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарды қамту мақсатында 2017 жылдың 1 маусымында 105 дәрілік заттың және медициналық өнімдердің бағасын қадағалау үшін бірлескен жұмыс туралы Меморандумға қол қойылған болатын. Қарағанды қаласының дәріханалық мекемелерінде халықты ақпараттандыру бұрыштарында бұл 105 дәрілік заттың тізімі бекітілген бағасымен бірыңғай форматта енгізілген.

Осы Меморандумға қол қойған Қарағанды қаласының дәрілерді сату саласында қызмет көрсететін 52 кәсіпкері мен 158 дәріханалық нысанның тізімі Қарағанды қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланған. Дәріханалардың қызметіне жүгіну кезінде Сіз тізімдегі 105 дәрілік заттың бағасын бекітілген бағамен сәйкес келуін тексеруге құқылысыз. Егер, мәселелер туындаған жағдайда 33-43-71,33-43-75 байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады.

Сонымен қатар, қала тұрғындарына дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыру мақсатында, денсаулық сақтау басқармасы медициналық мекемелер жанынан ашылған әлеуметтік дәріханалар жобасын іске асыруда. Қарағанды қаласында жоба бойынша 9 әлеуметтік дәріхана ашылған. Әлеуметтік дәріханаларда дәрілік заттардың сатылым бағалары ең төменгі көтерме бағамен (5%-дан көп емес)  ұсынылады.

1 Қарағанды қаласының №1 емханасы Қарағанды қ. Ипподромная көш., 8
2 Қарағанды қаласының №1 емханасы Қарағанды қ. Ержанов көш., 4-3 бөлімше
3 Қарағанды қаласының №2 емханасы Қарағанды қ. 3-Кочегарка көш., 1
4 Қарағанды қаласының №3 емханасы Қарағанды қ. Кеншілер даңғ., 78
5 Қарағанды қаласының №3 емханасы

Федоровка бөлімшесі

Қарағанды қ. Юбилейная көш., 31
6 Қарағанды қаласының №4 емханасы Қарағанды қ. «Көгілдір Тоғаңдар» ықшам ауданы., 4
7 Қарағанды қаласының №5 емханасы Қарағанды қ. Мұқанов көш., 5/4
8 «Мерей» ЖШС (гемодиализ бөлімшелерінің науқастарына арналған) Қарағанды қ. Бұқар жырау даңғ., 139
9 «Гиппократ» ЖШС Қарағанды қ. Әлиханов көш., 35/2

Қарағанды қаласының әкімдігі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button