Бас тақырып

Бәсі биік, бейбіт ел

«Алтау ала болса – ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса – төбедегі келеді» деген қарға тамырлы қазақтың тамыр-тегіндегі асыл қасиеттердің бірі – татулық пен ынтымақтастық. Бүгін ғана емес, бағзыдан, мыңжылдықтардан бері бүгінге ұласып, Қазақстан қазір басқаларға берекелі бейбіт өмірдің шамшырағы – қарусыз әлемді үлгі қылып отыр. Ол өз алдына бір әңгіме. Алайда, түптеп келгенде, астарынан теке-тірессіз тату-тәтті өмірдің елесі ту көтеріп шыға келеді.

«Айтар болсаң, Алланы айт» (Бұқар жырау) деген Алаш баласының елдік ұраны мен ұлттық ұстанымын бүгіннен ғана емес, түп-қиянынан бастап жазбай тануға болады. Халқымыздың қаны мен жанынан қайнап шыққан, ұлттық кодының төлқұжаты – жыраулар поэзиясын қараңыз. Бірлік пен ынтымақсыз ісің оңбайды дегеннен басталады ләмі.

Бұқар жыраудың ХVІІІ ғасырда

«Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек,

Бұл үйректей болыңыз.

Судан суға шүйгумен,

Көлден көлге қоныңыз.

Байлар ұғлы шоралар

Бас қосыпты десін де!

Маң-маң басып жүріңіз

Байсалды үйге түсіңіз.

Айнала алмай ат өлсін,

Айыра алмай жат өлсін,

Жат бойынан түңілсін,

Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз» дегені ХХ ғасырдағы Абайдың «Біріңді қазақ, бірін дос, көрмесең істің бәрі – бос» идеясымен астасатыны – кездейсоқ емес! Бейбітшілік пен татулыққа үндеген Бұқардың бұл ойы бүгінгі Ассамблеяның түпқазығы, тұма бастауындай сезіледі. Осыны ол баста аңдап, жүзеге асырған Елбасының көрегендігі – өз алдына бөлек әңгіме. Жоғарыдағы жырау өсиеттері бүгінгі Қазақстанның іргетасы болып қаланып жатқандай көрінеді. Қазіргі Қазақстанның іргесі бірлік пен бейбітшіліктен, татулық пен ынтымақтан тұрады. Мәңгілік Елді мұрат тұтқан болашақтың бейнесі де осы болса керек, сірә.

Жәнібек ӘЛИМАН

Басқа материалдар

Back to top button