Жаңалықтар

Президент шешімі – уақыт талабы

Қазақстан халқына арнаған үндеуінде Мемлекет басшысы кезектен тыс өткізілетін сайлау өтетінін жариялап, оның ашық әрі әділ болуына аса жауапкершілікпен қарайтынын мәлімдеді. Елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді назарға алатынын атап өтті.

«Ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастық пен тұрақтылықты сақтап, Елбасы ұсынған әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай сәтті әрі тиімді іске асыруымыз керек» деді Президент.

Түптеп келгенде ашық әрі әділ сайлаудың өтуі халықтың пайдасына бағытталады. Билік тұрақты болса, мемлекеттігіміз нығайып, елдің әл-ауқаты жақсарып, әлеуметтік жағдайымыз тұрақталады. Жеке бизнес пен бәсекелестікті дамытуға және заң үстемдігін қамтамасыз етуге негізделген экономиканың жаңа моделін қалыптастыру шаралары жүзеге асады. Ең бастысы, еңбек тиімділігі мен өнімділігін арттыру, шағын және орта бизнесті дамыту шаралары ширай түседі.

Осы мақсаттар жолында халықтың өмір сүру сапасын арттыру – мемлекет саясатының маңызды бағыты. Еліміз бен  ел тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту жолында халық таңдаған Президентті сайлау – уақыт талап еткен қажеттілік. Сондықтан, кезектен тыс сайлау өткізілуін толық құптаймын.

Дмитрий Захаров,

“АрселорМиттал Теміртау” АҚ конвертер цехының жұмысшысы.

Басқа материалдар

Back to top button