Бүгін ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздің 18 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады. Мамандар Қарағандыда бүгін де күн бұзылатындығын айтады, деп хабарлайды Ortalyq.kz kazhydromet.kz сайтына сілтеме жасап.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, күңдіз облыстың солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше (5 класс) өрт қаупі бар.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, дауыл ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Облыс бойынша төтенше (5 класс) өрт қаупі бар.
Алматы облысының және Алматының таулы аудандарында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматыда күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде 35-40 градусқа дейін болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Астанада күндіз найзағай ойнайды.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.