Қарағанды облысы аумағындағы су тасқыны жағдайы бойынша ақпарат

Қазіргі уақытта Қарағанды облысының елді мекендерінде  су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда. Шет және Жаңаарқа аудандарының аумағындағы Сарысу өзендерінің бассейндерінде су деңгейінің төмендеуі байқалады, — деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңаарқа ауданының Орынбай және Атасу елді мекендеріндегі және Абай ауданының Құлайғыр ауылындағы су деңгейі толығымен төмендеді. Сондай-ақ, Шет ауданының Көктенкөл станциясында су деңгейінің төмендеуі байқалады.
Тасқын қаупі төнген мекендерде жергілікті атқарушы органдардың, Қарағанды облысының ТЖД бөлімшелерінің, жергілікті халықтың күші мен құралдары жұмылдырылды.
Шет, Бұқар жырау, Абай, Осакаровка және Нұра аудандарының аумағында Шерубайнұра, Нұра, Құндызды өзендері бассейндерінде су деңгейінің көтерілуі байқалады.
29 наурызда Шет ауданында Қызылқой өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан арнадан су құйылды. Қызылқой ауылын  су басу қаупі туындады.  Оқиға орнына Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелерінің күштері мен құралдары жіберілді. Өзен бойында қорғау білігін нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Су тасқыны кезіндегі іс-әрекеттер бойынша халықты қосымша аралап шығу және нұсқама жүргізілді. Талды өзенінің арнасына тексеру жүргізілуде. Су 9 тұрғын үйдің аула аумағына кірді. Су басқан үйлер жоқ. 16 адам эвакуацияланды және туыстарына орналастырылды.
Орындарда жергілікті органдар және ТЖД бөлімшелері жұмылдырылды.
Өткен тәулікте қар суынының қарқынды еруі салдарынан 4 автожолда су ағу орын алды.
Жаңаарқа ауданында «Қызылорда-Павлодар» республикалық тас жолының 771 шақырымындағы су ағудың  ені 40-60 м құрайды, тереңдігі 10-15 см. Жақын елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Учаскеде 2 су өткізу құбыры бар, олар толық көлемде жұмыс істейді. Оқиға орнында полиция және жол қызметі қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Жол төсемдерін шайып кетуден қорғау бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс бар.
Нұра ауданында Республикалық маңызы бар «Астана-Рождественка-Нұра-Теміртау» автомобиль жолының 124 шақырымында ені 6 метр және биіктігі 10 см 2 учаскеде су ағу пайда болды. «Қазавтожол» РМК ҚОФ жол ұйымымен су өткізу құбырларын инертті материалдармен нығайту бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.
Нұра ауданында «Астана-Қорғалжын-Баршын-Шұбаркөл-Қызылжар» облыстық автожолы арқылы ені 100 м, тереңдігі 15 см су ақты. Жол төсемдерін шайып кетуден қорғау бойынша жұмыстар жүргізілуде.  Учаскеде 2 су өткізу құбыры бар.Оқиға орнында жол қызметі кезекшілік етеді. Бұл учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс бар.
Абай ауданында Шерубай-Нұра су қоймасында судың ұлғаюына байланысты жергілікті маңызы бар «Жартас-Тасзаимка» автожолы учаскесінде жыл сайынғы су ағу басталды. Көлік қатынасы бұзылған жоқ, айналма жол бар. Төгілетін судың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін жол учаскесі жабық. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Бұл факт жыл сайын көктемгі кезеңде жер бедерінің салдарынан орын алады.
Шет ауданында «Ақшатау-Қызылорда-Павлодар» республикалық маңызы бар тас жолының «Бидайық-Көктенкөл» аумағында 156-166 шақырымында   су ағу   сақталды. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ.
Негізгі су қоймаларынан(Шерубай-Нұра, Самарқанд, Ынтымақ ) су жіберу жалғасып жатыр.
Су тасқыны жағдайы су тасқынына қарсы штабтың үнемі бақылауында. 
            
Қарағанды облысының ТЖД су тасқыны кезеңінде келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынамыз: 
— көктемгі қарқынды қар еру, қолайсыз ауа-райы, мұз жүру кезінде өзендердің төмен жағалауларында тоқтамау;
— өзен жағаларында және су қоймалары бөгеттеріне жақын орналасқан саяжай учаскелеріне барудан бас тарту;
— өзендердің, арналардың, терең және кең жыралардың үстінен өтетін құбырлар мен басқа құрылымдардан өтпеуге;
— жазатайым оқиғаны болдырмау үшін белгіленбеген және белгісіз жерлерде мұз үстімен өзендер, каналдар және басқа да су қоймалары арқылы өтуге болмайды;
— балаларға өзен, қазаншұңқырлар, терең жыралар маңында ойнауға тыйым салу;
— балықшыларға осы кезеңде балық аулаудан судың толық төмендеуіне дейін бас тарту керек.
Штаб телефондары:
112, 433636, 433737, 511298,
87011910112,  wp 87710440112.