АймақБұқар жырау
Бұқаржыраулықтар челлендж бастады
Биыл алғаш рет атап өтілетін Ұлттық кітап күні Бұқар жырау аудандық орталық кітапхана қызметкерлері “15 минуттық кітап оқу” челленджін бастады.
Осы идеяның авторы – аталған кітапхананың әдіскері Майгүл Асқарованың айтуынша, оның мақсаты кітапханаға оқырман тарту, кімнің қандай кітап оқып жатқанын анықтау, кітапсүйер қауымның қатарын көбейту болып табылады.
Бұл челлендж аудандық мекемелер мен ұйымдарға,білім беру орындарына жолданып, қаншама адамды қамтып, кітапхана қызметкерлері күніне оған талдау жасап отырады. Мұның өзі біздің оқитын ұлтқа айналуымыз жолында жасалған жақсы қадам деуге болады.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы
Видео ұйымдастырушылардан