Бұқар жырау ауданында көпфункционалды спорт кешені ашылды
Бұқар жырау ауданы Қарақұдық ауылында 150 орындық заманауи көпфункционалды спорт кешені ашылды.

Ауылда спортпен шұғылдану үшін жеке ғимарат салу мәселесі бұрыннан көтеріліп келе жатқан болатын. Жергілікті мектепте дене шынықтыру залы болмаған. Ауданы 900 шаршы метрден асатын жаңа екі қабатты дене шынықтыру-сауықтыру кешені бір жылда салынды. Кешенде жаттығулар, шеберлік сабақтары мен жарыстар өтеді. Барлық инженерлік инфрақұрылым қосылған. Ойын залы, күрес және бокс залдары бар. Сондай-ақ тағы тоғыз секция ашу жоспарлануда.
Ашылу салтанатына Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нұркен Кобжанов қатысып, ауыл тұрғындарын кешеннің ашылуымен құттықтады.
– Бұл дене шынықтыру-сауықтыру кешені белсенді өмір салтын ұстанғысы келетін Қарақұдық пен оған іргелес елді мекендер – Доскей, Тоғызқұдық, Үштөбе ауылдары тұрғындарының басын біріктіретін орынға айналады. ДСК жаңа чемпиондарды тәрбиелеп шығаратынына сенімдімін, – деді Нұркен Сайфиддинұлы.
Енді ауыл жастары футбол, волейбол, баскетбол, күрес, үстел теннисі сынды спорттық ойындармен айналыса алады. Ол үшін қажетті жабдықтардың барлығы бар.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz