АймақБұқар жырау

Қазыбек би ұрпағымен кездесу

Жыл соңында Бұқар жырау ауданының тарихи-өлкетану мұражайының ұйымдастыруымен Қаздауысты Қазыбек би бабаның туғанына 355 жыл толуына орай оның жетінші ұрпағы Мұрат Жұмажанұлымен кездесу өтті. Ол жиналған жұртшылыққа өзінің қасиетті бабасы туралы білген, естігенін айтып, шешендік сөздері мен дау-шарды шешкен мысалдарын әңгімеледі.

Бұл тағылымды басқосуға арнайы шақырылған осы ауданның Құрметті азаматтары Қанағат Жұмашұлы, Төкен Арбабайұлы және зейнеткер Тілеубек Есмағамбетов қазақтың Ұлы биі жайында ойларымен бөлісті.

Кеш соңында мұражай ұжымы атынан Мұрат Жұмажанұлына шапан жабылып, аудандық Мәдениет үйінің қызметкері Азамат Амантайұлы әннен шашу шашты.

Ержан ИМАШ.

Бұқар жырау ауданы

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button