«Қазыбек би» Қоры құрылды

      Той дүбірі басталды. Қаздауысты Қазыбек бабамыздың 350 жылдық мерейтойының дүбірі. Тарихи тұлғаның мәңгілік мекені киелі Түркістаннан жеткен хабар осылай дейді. Шырайлы Шымкентте ұлттық рухтың жоқшысы болып жүрген бір топ азамат той қамына білек сыбана кірісіп кеткен. Шот ашып, қор құрып та үлгеріпті.

Той дегенге, ас ішіп, аяқ босату деп ойламаңыз. Бұл азаматтар кесек дүние жасамаққа кеңес құрған секілді. Осы жылдың 1 ақпанында құрылтай жасап, «Қаздауысты Қазыбек би» қоғамдық қорының тұсауын кесіпті. Қор төрағасы – Қойшыбай Ниязбеков. Ұлтжанды азамат Қойшыбай Әшірбекұлына телефон шалып, қор жұмысы мен жоспары жайлы ой бөліскенбіз.

Қор қаржысына киелі Түркістан төріне Қазыбек бабамыздың еңселі ескерткішін қойсақ деген жоспарымыз бар. Ескерткіштің биіктігі 18 метр болады деп жобалап отырмыз. Орнын белгілеп, құжаттарын заңдастырып қойдық. Енді ескерткіш нұсқасына байқау жариялаймыз. Әзірше ауызша ұсыныстар түсіп жатыр. Бар мәселе қаржыға тіреліп тұр. Бабаның Қарағанды өңіріндегі ұрпақтары қолдау көрсетіп, қор қоржынына қомақты үлес қосып жіберсе деген бұйымтайымыз да бар, – дейді Қор төрағасы.

Иә, Қаздауысты Қазыбек бабамыз – рудың емес, ұлт руханиятының төлқұжатына айналған тарихи тұлға. Қазақстанның қай қаласына ескерткіш қойса да, артық болмайды. Ендеше, Түркістанда түрілгелі тұрған той түндігін желпуге қол созғанымыз абзал болар, ағайын.

Баба ескерткіші Түркістан қаласынан Кентауға шыға беріс күре жолдың бойына – Әмір Темір мен Қазыбек би көшелерінің қиылысына қойылады. Түркістан – тұтас Түркі әлемінің рухани астанасы. Ендеше, Қаздауысты Қазыбек бабамыз Түркі әлемінің төрінде салтанат құрады.

Іске сәт!

Ерсін МҰСАБЕК

Есепшот

номері

Банк

реквизиттері

ИИК     KZ6884906KZ001506370

БИН     170240002006

Код       18

«Нұрбанк» АҚ

БИК: NURSKZKX

БИН 001041002569

Шымкент қаласы, Асқаров көшесі, 41-б

Байланыс телефоны: 8(72-52) 56-39-31

Ішкі байланыс 126,124,123

1 thought on “«Қазыбек би» Қоры құрылды

  1. Қордың реквизитін неге салмайсыздар? Ақшаны қайда аударамыз?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.