Аймақ

Қазыбек би ауданының әкімі болып Ералы Оспанов тағайындалды

Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Қазыбек би атындағы аудан әкімі лауазымына Ералы Серікұлы Оспанов тағайындалды.

Ералы Серікұлы 1982 жылы 9 желтоқсанда Қарағанды қаласында туған.

Екі жоғары білімі бар: 2007 жылы «Саясаткер. Саясаттану оқытушысы» мамандығы бойынша Қарағанды қаласының «Болашақ» институтын және 2012 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Қарағанды экономикалық университетін тәмамдады.

Еңбек жолын 2007 жылы инспектор мамандығы бойынша Қарағанды қаласының №1 халыққа қызмет көрсету орталығында бастаған.

2008 жылы қазан айы мен 2009 жылы қыркүйек айы аралығында Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімінде әлеуметтік жұмыс бойынша бас маман болып және 2009 жылы қыркүйек айынан 2011 жылы қараша айына дейін Қарағанды қаласы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық бөлімде басшы болып қызмет атқарған.

2011 жылғы қараша айынан 2012 жылғы сәуір айына дейін Астана қаласындағы Көлік және коммуникация Министрлігінде Транспорттық бақылау комитетінің автокөлік транспортын бақылау жөніндегі басқармасында сарапшы болып қызмет етті.

2012 жылғы сәуір айынан 2013 жылғы наурыз айына дейін Астана қаласындағы табиғи монополияларды реттеу Агенттігінде стратегиялық жоспарлау департаментінің стратегиялық жоспарлау, жиынтық талдау және жалпы методология бойынша сарапшысы болып жұмыс істеді; Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау басқармасында талдау жұмыстары бойынша бас сарапшы болған.

2013 жылғы наурыз айынан 2015 жылғы тамыз айына дейін Қарағанды облысы әкімінің аппаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы болып жұмыс істеді, ішкі-экономикалық байланыс және хаттама бөлімінің басшысы болды. 2015 жылғы тамыз айынан 2016 жылғы сәуір айына дейін Қарағанды облысы әкімінің көмекшісі болып қызмет атқарды.

2016 жылдан 2023 жыл аралығында Саран қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болды.

2023 жылдың 26 сәуірінен бастап Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі болып тағайындалды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button