Жаңалықтар

Азық-түлік қауіпсіздігі – жіті бақылауда

Елбасы халыққа Жолдауында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру және ветеринария жүйесін жетілдіру жөнінде атап айтқан болатын. Қазіргі таңда облысымызда ветеринария саласының даму үдерісінде айтарлықтай қарқынды даму байқалады.

Еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты ветеринариялық бақылауға жататын тауарлардың қадағалануы күшейтілді.

Ветеринария саласындағы заңнама талаптары дегенге тоқталсақ, бұл – ветеринария саласы мамандары мен ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын талаптар, заңды нормативтік-құқықтық актілер жинағы.

Ветеринария саласындағы заңдылықтар – Қазақ-стан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңы, ҚР АШМ бұйрықтары, ережелер, шешімдер, еліміздегі ветеринариялық қызметті реттейтін өзге де нормативтік-құқықтық актілер.

Жоғарыда аталған заң талаптары негізінде және қадағалау-бақылауды ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi бойынша «Ветеринария туралы» заңның 14-1 бабы, 5 тармағына сәйкес, ішкі сауда нысандарында күнделікті тексеріс жүргізіледі, ал, өзге нысандағы тексеріс жеке немесе заңды тұлғалардың өтініші арқылы іске асырылады.

Осыған сәйкес, аудандық, қалалық ветеринария бөлімдері мамандары тарапынан жыл басынан 1789 тексеріс жүргізіліп, 189 заң бұзушылық анықталып, 954 нұсқама жазылып, аумақтық инспекцияға әкімшілік шара қолдануға 61 іс тапсырылып, 42 тұлғаға 2 384 555 мың теңге айыппұл салынды.

Осы тексерістер ішінде 1436 тексеріс ішкі сауда нысандарында жүргізіліп, жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер негізінде 353 тексеріс жасалды.

Сонымен қатар, ветеринариялық қауіпсіздікті сақтау мақсатында, облыс көлеміндегі ішкі сауда нысандарында жануарлардан алынған 92 363 өнім, ІҚМ еті 11 675 келі, жылқы еті 2 269 келі, қой еті 8 507 келі, шошқа еті 11 612 келі, құс еті 4 188 келі, сүт және сүт өнімдері 36 243 литр, балық және балық өнімдері 10 231 келі, жұмыртқа 6 817 дана, 767 келі бал өнімдері ветеринариялық санитариялық зертханаларда зерттеулерден өткізілді.

Ветеринария басқармасы тарапынан облыс әкімінің орынбасары С.Шайдаровтың 2017 жылдың 19 қыркүйегінде бекіткен «Ауыл шаруашылығы жануарларының және олардан алынатын ет өнімдерінің тасымалына бақылауды күшейтуге бағытталған мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жүргізу жоспарына» сәйкес, тұрақты түрде аудан, қалаларда орналасқан ішкі сауда нысандарында рейдтік жұмыстар ұйымдастырылып отыр.

Жоғарыда аталған ветеринария саласы бойынша атқарылып отырған жұмыстарды қорыта келе, оқырман назарына ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстардың атқарылып, бақылауда екендігін жеткіземіз.

Б.Асанов,

«Қарағанды облысының

ветеринария басқармасы» ММ-нің басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button