Жаңалықтар

Қазпошта газетті дронмен таратады

Биылғы жылдың мамыр айынан бастап мерзімді басылымдар Нұра ауданындағы алыс ауылдарға дронның көмегімен жеткізіледі. Бұл жоба «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының аясында жүзеге асуда.

«Қазпошта» қызметіне заманауи жаңалықтарды енгізу бастамасы Қарағанды облысында былтыр қолға алынған болатын. Сол кезде ұшқышсыз ұшақтың көмегімен Ұлытау, Ақтоғай, Осакаров аудандарындағы 5 елді мекенге жалпы салмағы 1 677 келі газет-журналдар жеткізілді. Поштаны тасымалдау қызметіне дронның екі түрі қолданылады. Алғашқысы 2 келі жүкті 70 шақырым қашықтықққа жеткізуге қауқарлы «Адром Феникс 2.2» ұшу аппараты болса, екіншісі дәл сондай қашықтыққа 4 келі жүк тасымалдай алатын «Адром Феникс 3» аппараты.

Пошташы дрондар мерзімді басылымдардың діттеген жеріне дер кезінде жетуіне және оларды тасымалдау бағасын арзандатуға ықпал етеді. Сонысымен де, оған деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Қазірдің өзінде, еліміз бойынша 150 елді мекенге пошта дронның көмегімен жеткізілуде.

Басқа материалдар

Back to top button