Спорт

Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын әйелдер құрамасы белгілі болды

7-14 сәуір аралығында күрестен Астанада өтетін Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының тізімі жарияланды. Бұл турнирде Ұлттық құраманың Бас бапкері Қайрат Сағадиев құрлық додасында жуырда Алматы қаласында өткен VI жазғы ҚР Спартакиадасында топ жарған балуандарға сенім артатынын мәлімдеді.

Олар:

50 келіде – Эллада Махяддинова

53 келіде – Алтын Шағаева

55 келіде – Марина Седнева

 57 келіде – Нилуфар Раймова

59 келіде – Диана Каюмова

62 келіде – Ирина Кузнецова

65 келіде – Альбина Қайыргельдинова

68 келіде – Елена Шалыгина

72 келіде – Жамила Бақбергенова    

76 келіде – Эльмира Сыздықова

Айта кетейік, күрестен Азия чемпионаты Астана қаласында осымен екінші рет өтеді. Алғаш рет елордада 2014 жылғы сәуірде сары құрлықтың таңдаулы бозкілем шеберлері сынға түскен.

Сол кезде Қазақстан құрамасы 5 алтын, 2 күміс пен 7 қола медельге қол жеткізіп, жалпы есепте Ираннан кейін 2-орын алған. Жалпы елімізде құрлық чемпионатын ең көп қабылдаған қала – Алматы (3 рет).

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button