Медицина

Ажар Ғиният Қарағанды облысына келді

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың Қарағанды облысына жаңа форматтағы алғашқы жұмыс сапары басталды.

Ведомствоның жұмыс тобының құрамында жергілікті жерлерде консультациялық көмек көрсету үшін республикалық ҒЗИ-лардан жетекші дәрігерлер мен травматология-ортопедия, кардиология, неврология, акушерлік-гинекология, балалар инфекциялық қызметі және басқа да бірқатар бағыттар бойынша бас мамандар бригадасы шықты.
Арнайы бейінді мамандар Шет ауданының аудан орталығында, Ақсу-Аюлы кентінде жергілікті аурухананың базасында ауыл тұрғындарын дәрігерлік қабылдауларды өткізеді.
Жұмыс сапары бағдарламасында Қызылқой кентіндегі медициналық пунктке, Төменгі Қайрақты ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктке барады, сондай-ақ А.Ғиният Шет ауданының аудандық орталық ауруханасының жұмысымен танысады.
Осы күні Қарағанды қаласындағы медициналық университеттің базасында облыстың тұрғындарымен және азаматтық сектормен кездесу өткізу, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізу және республикалық және өңірлік БАҚ журналистеріне брифинг беру жоспарлануда.

Басқа материалдар

Back to top button