Жаңалықтар

Азанама (Тілеуқабыл Байтұрсыновтың қазасына)

 

Тілеуқабыл!
Басынан уақыт озып,
Күн ауған ұл.
Барады қатар сиреп, дос азайып,
Қысылсам болам ба деп жылауға құл.

Өгейлік көп көрсетті өмір саған,
Толғанын тілеуші едік көңіл шараң.
Шаттанған сағаттарың аз болды да
Күндерге жолықтың-ау небір сараң.

Біз сені еркелетіп Тілеш дедік,
Айтармыз әрқайсымыз бір естелік.
Қиналған кездеріңде демегенмен,
Сергелдең сапарыңа ілеспедік.

Өткенмен ел ішінде алаң шағың
Оралмас бірге өткізген балауса күн.
Арқада аңыз болып атың қалар,
Қолыңнан түспеген соң қаламсабың!

Тіркесіп талай қатар тұрды иықтар,
Таңдапсың өзің мәңгі қырды ұйықтар.
Көңілдің құлазытып күзгі бағын,
Арқада құлап түсті бір биік тал…

Курстас достары атынан Жүрсін ЕРМАН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button