Жаңалықтар

Азаматтық қоғамның негізі

Сейсенбі күні «Достық үйінде» «Қазақстан-2050» Демократиялық күштерінің аймақтық коалициясының отырысы өтті. Талқыға түскен тақырып – «Медиация: дамуының өзекті мәселелері мен перспективалары».

2011 жылдың 28 қаңтарында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Медиация туралы» Заңға қол қойған болатын. «Қазақстан-2050» Демократиялық күштерінің аймақтық коалициясының осы кездесуінде медиацияны дамытудың келешегі талқыланды. Кездесуді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихатының депутаты Қадиша Оспанова ашып берді.

– Әлемде, оның ішінде, ТМД елдерінде ең серпінді дамып келе жатқан институттардың бірі медиация болып табылады. Ол дауларды шешудің балама түрі болып табылады. Медиация – азаматтық қоғамның негізі, демократия мен өркениеттің жолы. Бүгінгі кездесу өте маңызды. Өйткені, біз сөзбен ғана емес, іс-шараларда да әрбір азаматқа қазіргі заманғы медиацияның артықшылықтары туралы хабарлауға тиіспіз, – деп атап өтті Қадиша Оспанова

Кездесуде айтылғандай, медиация тараптарға өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға және даудың коммерциялық және құқықтық аспектілеріне ғана емес, сонымен қатар, әр тараптың заңнамада көзделген өтемақыдан тыс жеке мүдделеріне баса назар аударуға мүмкіндік береді. Уақыт пен ақшаны үнемдеуден басқа, медиация процесі бизнес иелері мен басқарушылар арасындағы қалыпты қарым-қатынастарды ұстап тұруға көмектеседі. Сондай-ақ, өз проблемаларын өз бетінше және тиімді шешу қабілетіне деген сенімін арттырады. – Бүгінгі күні ең тиімді, әмбебап және оңтайлы – бұзылған немесе наразылық білдірілген құқықтар мен заңды мүдделерді қорғаудың соттық нысаны. Алайда, қазіргі жағдайда қоғам өмірінің барлық салаларын қарқынды дамыту айқын. Бұл медиацияда өте өзекті болып табылады, – деді Қарағанды қақтығыстарды шешу және медиация институтының директоры, кәсіби медиатор А.Пак. Кездесу соңында жиналысқа қатысушылардың ұсыныстары тыңдалды. Республикалық демократиялық күштер коалициясына жіберілетін ұсынымдар қабылданды.

Қасымхан ҒАЛЫМ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button