Жаңалықтар

Азаматтық істерді қысқартылған өндірісте қарау

Қысқартылған істі сотта қарау тәртібі ҚР АІЖК-де көзделген жалпы талап арызды қарау тәртібімен қаралады. Азаматтық істі қысқартылған өндірісте судья жеке дара, қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде қарастырады. Істі бұл тәртіпте қарау кезінде мерзімі ұзартылмайды. Қысқартылған өндірісте келесі азаматтық істердің түрлері қарастырылуы мүмкін:

заңды тұлғалар үшін бес жүз АЕК-тен аспаған, ал, жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар үшін жүз АЕК-тен аспаған ақшаны өндіру туралы азаматтық істер;

талапкердің ұсынған құжаттары негізінде, талап арыздың талап қою бағасына қарамастан, жауапкердің ақшалай міндеттемесі белгіленген қарызды растайтын шарт бойынша.

Талап арыз өндірісінің жалпы негізінде қарау туралы сот ұйғарым шығарады. Егер де сотты қысқартылған өндірісте қарау барысында, үшінші тұлғаның іске кірісу туралы қолдаухаты, қарсы талап арыз қабылданса, қысқартылған өндірісте қаралмайды. Егер де тараптардың біреуінің қолдаухатымен мынадай қорытындыға келген жағдайда сот қысқартылған өндірісте қарамайды:

қысқартылған өндіріс мемлекеттік құпияның жария болуына әкеліп соқса;

орналасқан жері бойынша кейбір дәлелдерді қарау қажет болғанда және сарапшы мен куәгерлердің жауабын тыңдау керек болғанда;

арызданған талаптар басқа да талаптармен, сондай-ақ, басқа да тұлғалармен немесе аталған іске қатысты сот актісімен, басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне кері әсеріне байланысты болғанда;

қысқартылған өндірісте азаматтық істі қарау әділеттілікті тиімді жүзеге асыруда кедергі келтірсе, сондай-ақ, сот қосымша мән-жайларды немесе қосымша дәлелдемелерді зерттеуді анықтауды қажет деп тапқан жағдайда.

Қысқартылған өндірісте жалпы талап арыз ережесі негізінде қарау туралы ұйғарымда сотқа қатысушы тұлғалардың іс-әрекеті мен оларды орындау мерзімі көрсетіледі. Екі талаптың бірі мүліктік, екіншісі мүліктік емес негізде бір талап арызда көрсетілген жағдайда сот мұндай талап арызды бөлмей, судья бұндай азаматтық істі бірге қысқартылған өндірісте қарай алады. Сотқа қысқартылған өндірісте қабылданған істі жалпы негізде талап арызбен қарауға көшкен жағдайда сотта қарау мерзімі ұзартылмайды.

Талап арызға шарт немесе басқа да құжат жүзіндегі дәлелдемелер сотқа жазбаша түрде немесе электрондық нұсқада қолдаухат негізінде ұсынылуы мүмкін.

Талап арызды қысқартылған өндірісте қарау туралы ұйғарымында жауапкердің немесе мүдделі тұлғалардың он бес күн ішінде сотқа талап арызға пікірді ұсыну туралы айтылады. Тараптардың іс бойынша дәлелдемелер мен құжаттарды сотқа және іске қатысушы тұлғаларға ұсынуына мүмкіндігі бар, бірақ, сотта қаралған құжаттар ғана ұсынылады.

Егер де арызға және талап арызға пікір және іске қатысты құжаттар сотпен белгіленген мерзім ішінде ұсынылмаса, құжаттарды қайтару туралы сот ұйғарым шығару арқылы ұсынылған құжаттарды судья қайтарады.

Қысқартылған өндірісте сотта қарау барысында, белгіленген мерзім ішінде талап арызға пікір келіп түспеген кезде, судья тараптарды шақырмастан жеке-дара шешім шығарады.

Қысқартылған өндірісте сотқа дейінгі алдын ала сот өндірісі өткізілмейді. Егер де көрсетілген мерзімде жауапкер мен мүдделі тұлғалардан ешқандай дәлелдемелер не талап арызға пікір ұсынылмаса, сотқа шақырмастан тараптармен ұсынылған дәлелдемелер негізінде судья шешім шығарады. Қысқартылған сот өндірісінде сот мәжілісінің хаттамасы жүргізілмейді. Сондай-ақ, сот ісі кейінге қалдырылмайды.

Қысқартылған өндірістің тиімді тұсы ретінде азаматтық өндірісте сот шығындарының азайтынын, оның ішінде тараптарды сотқа шақыру, SMS хабарлама жіберу сынды шығындар азаятынын айта кеткен жөн. Ал, кері тұстарына келетін болсақ, қысқартылған өндірісте шешім шығарылған жағдайда, жауапкерге не мүдделі тұлғаларға сотта қысқартылған өндірісті істі қарау туралы ұйғарымы тиісті жағдайда тапсырылмау нәтижесінде жауапкердің шешімді бұзуына мүмкіндігі бар болуы, дәлелдемелердің толық түрде зерттелмеуі.

ҚР Жоғарғы соттың мәліметіне жүгінсек, Қарағанды облысы бойынша 2016 жылдың 6 ай ішінде 34850 азаматтық іс келіп түссе, өткен жылы дәл осындай 6 ай ішінде – 39763 талап арыз түскен болатын. Бұл салыстырмалы түрде келіп түскен арыздар санының 4913-ке немесе 12% азайғандығын көрсетеді. Соның ішінде, қысқартылған өндірісте 6943 азаматтық іс қаралып, ол 22% құрады. Қазіргі таңда сот өндірісінде жаңадан енгізілген қысқартылған өндірістің енгізілуіне байланысты көптеген азаматтық істі қарайтын аудандық және оған теңестірілген соттарда жұмыс жеңілдетіліп, тиімді тұстары артуда.

Мақпал ЖАҚЫПБАЕВА,

Қазыбек би ауданының

2 аудандық

сотының бас маманы, сот мәжілісінің хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button