Спорт

Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдегі үздік 50 теннисшінің қатарынан шығып қалды

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) «Ролан Гаррос» жарысының негізгі кезеңі басталар алдында спортшылардың жекелей және жұптық сындағы рейтингін жариялады, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Үздік үштік өзгерген жоқ: испаниялық Карлос Алькарас көш бастап тұр, одан кейінгі орында ресейлік Даниил Медведев тұрса, серб Новак Джокович үштікті түйіндеді.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик үш сатыға төмендеп, 51-ші болып қалды. Тимофей Скатов бұрынғыша 147-ші қатарда тұр.
Жұптық сында алдыңғы орындарды Нидерланд өкілі Уэсли Колхоф пен британиялық Нил Скупски бөліссе, үшінші орынды АҚШ өкілі Раджив Рам иеленді.
Александр Недовесов үш саты жоғарылап, 64-орынды алса, Андрей Голубев бір саты төмендеп, 82-ші болып қалды. Бублик 158-ші қатардан 160-қа түсті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button