Бас тақырыпЖаңалықтар

Қазақстандықтардың қанша пайызы АЭС құрылысын қолдайды?

«Демократия институты» қоғамдық бірлестігі АЭС құрылысына қатысты ел азаматтары арасында жүргізілген сауалнама қорытындысын жария етті, – деп хабарлайды ortalyq.kz KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Инфогравикалар;ОСК

«ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысымен «Демократия институты» 17 тамыз бен 17 қыркүйек аралығында әлеуметтану зерттеуін жүргізді. Сауалнамаға 18 жастан асқан 8 мың респондент қатысты. 21 ғасырдан энергетика экономикалық тұрақтылыққа, қоршаған ортаға және адамдардың өмір сүру сапасына әсер ететін жаһандық дамудың негізгі факторларының біріне айналды. Уранның орасан қорына Қазақстан маңызды таңдау – электр қуаты тапшылығы мәселесін шешудің жолы ретінде АЭС салу мәселесін қарастыруда», – деді қоғамдық бірлестік өкілі Сандуғаш Қасымсейітова.

Оның айтуынша, сауалнама жүргізілген кезде респонденттердің жалпы санының 59,2 пайызы дауыс беруге қатысуға дайын екенін білдірді. Сонымен қатар 41,6 пайызы дауыс беруге қатысуға нақты ниет танытып отыр.

«Әрбір бесінші респондент әлі түпкілікті шешім қабылдаған жоқ, ал 17 пайызы референдумға мүлдем қатыспайтынын атап өтті», – деді ол.

Бірлестік өкілінің дерегінше, жалпы, қазақстандықтардың 60,2 пайызы Қазақстанда атом электр стансасын салу идеясына оң көзқарас білдірген. Оның 38,6 пайызы оң, 21,6 пайызы біршама оң көзқараста. Мұның алдында тамызда жүргізілген сауалнамамен салыстырғанда АЭС салу идеясын қолдаушылар саны 53,1 пайыздан 60,2 пайызға өсті.

«Алынған қорытындылар Үкімет, сарапшылар және қоғам арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын көрсетеді. Атом электр стансасының құрылысы – тек техникалық ғана емес, сонымен қатар азаматтардың белсенді қатысуын талап ететін әлеуметтік жоба», — деді Сандуғаш Қасымсейітова.


Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button