Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады?
Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекесі елімізде 16 желтоқсанда, яғни, дүйсенбіде атап өтіледі. Осыған байланысты қазақстандықтар мереке күні демалатын болады, деп хабарлайды Ortalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бес күндік жұмыс аптасында – 14, 15, 16 желтоқсан демалыс күндері болады. Алты күндік жұмыс аптасында – 14 желтоқсан жұмыс күні, 15 және 16 желтоқсан демалыс. Сонымен қатар, желтоқсанда кәсіби және басқа да мерекелер бар. Жұмыс және демалыс күндеріне қарамастан, мереке атап өтіледі.
Кәсіби мерекелердің тізбесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 17.11.2023 жылғы №480 бұйрығымен, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді:
5 желтоқсан – Адвокатура күні;
6 желтоқсан – Прокуратура күні;
15 желтоқсан (желтоқсанның үшінші жексенбісі) – Энергетика күні;
20 желтоқсан – ҚР Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет күні;
22 желтоқсан – Мұрағатшылар күні.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.