Қазақстандықтар жаңа үлгідегі жеке куәліктерді ала бастады
15 маусымнан бастап жаңа үлгідегі жеке куәлік қолданысқа енгізілді. Жаңа үлгідегі құжатта жеке куәлік иесінің азаматтығы мен жынысы туралы деректер көрсетіледі. Бұрын бұл мәліметтер жеке куәлікке салынған чипте болатын.
Жеке куәліктің жаңа дизайны бюджеттен шығын талап етпейді және азаматтардың жаңа құжаттарды шығару үшін төлейтін мемлекеттік баж мөлшеріне әсер етпейтінін атап өткен жөн. (2024 жылы мемлекеттік баж мөлшері – 738,4 теңге).
Жарамдылық мерзімі аяқталмаған жеке куәліктер бұдан әрі де жарамды болып табылады.
Қазақстандықтар жаңа дизайнды жеке куәліктерді тек құжатының мерзімі аяқталған кезде немесе оларды басқа да себептермен ауыстыруы керек болған кезде ала алады. Яғни, бір мезгілде жаппай құжат ауыстыру болмайды.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА