Спорт

Қазақстандық боксшы орта салмақтағы үздіктер рейтингісіне енді

Беделді The Ring бокс журналының сайты орта салмақтағы рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Рейтингіге Қазақстанның үшінші өкілі – оныншы орын алған Мейірім Нұрсұлтанов кірді. WBA тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Риота Мурата мансабын аяқтауына байланысты рейтингіден шығарылды.

Үздік ондықтың бірінші қатарында WBA Super/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин, екінші орында мексикалық Хайме Мунгуя, үшінші орында WBO белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлы бар. Орта дивизиондағы The Ring чемпионы атағы бос тұр.

The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтың толық рейтингісі келесідей:

1. Геннадий Головкин (Қазақстан)
2. Хайме Мунгия (Мексика)
3. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)
4. Карлос Адамес (Доминикана Республикасы)
5. Лиам Смит (Ұлыбритания)
6. Сергей Деревянченко (Украина)
7. Эрисланди Лара (Куба)
8. Феликс Кэш (Ұлыбритания)
9. Крис Юбэнк-младший (Ұлыбритания)
10. Мейірім Нұрсұлтанов (Қазақстан).

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button