Бас тақырып

Қазақстанда зейнеткерлерге салынатын салық алынып тастала ма?

Премьер-министр Әлихан Смайылов БЖЗҚ-дан жинақталған зейнетақы қаражатын алу кезінде жеке табыс салығын (ЖТС) алып тастау туралы ұсынысқа жауап берді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: tengrinews.kz сайтынан

Үкімет басшысы сенатор Бекболат Орынбековтың сауалына берген жауабында қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес, жеке табыс салығы азаматтардың барлық табысына 10 пайыздық мөлшерлемемен есептелетінін айтты. Салық кодексінің 326-бабына сәйкес салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі кірістерге БЖЗҚ және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан түсетін төлемдер жатады.

Зейнетақы төлемдерінен ұсынылған сомаларды жеке табыс салығынан босату айтарлықтай бюджет шығыстарына әкеп соғатыны (2023 жылы 13,464 миллиард теңге, 2022 жылы 14,087 миллиард теңге) айтылды.

– Сонымен қатар, туындап отырған мәселе халықаралық тәжірибені зерделеуді және талқылауды талап етеді. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр. Осы жұмыс аясында зейнетақы жинағын беру кезінде жеке табыс салығын алып тастау мәселесі жан-жақты қарастырылады, – деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button