Жаңалықтар

Қазақстанда сұлулық саласында 127,3 млрд теңгенің қызметі көрсетілді

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2025 жылы Қазақстанда сұлулық саласында көрсетілген қызметтердің көлемі 127,3 млрд теңгені құрады. Оның 67,5 млрд теңгесі шаштараз қызметтеріне тиесілі. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5,3%-ға жоғары.

Сурет ЖИ

Маникюр мен педикюрді қамтитын косметикалық қызметтердің көлемі 7,5 млрд теңгеге жетті. Ал сұлулық салондарының өзге де қызметтері 52,3 млрд теңгені құрады.

Саладағы өсім ауылдық жерлерде де байқалады. 2025 жылы ауылдарда шаштараз қызметтерінің көлемі 34,3 млрд теңгеге жетіп, бір жылда 4,2%-ға артты. Сонымен қатар ауылдарда сұлулық салондарының өзге қызметтері 1,9 млрд теңгені, косметологиялық қызметтер 814,9 млн теңгені құрады.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button