Ресми

Қазақстанда коронавирус туралы сайт іске қосылды

Қазақстанда Coronavirus2020 сайты іске қосылды, – деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен АБАЕВ. Сайтта төтенше жағдай режимі, карантин кезіндегі тәртіп ережелері, Covid-19 қарсы күрес бойынша мемлекеттің қабылданып жатқан шаралары бойынша барлық өзекті ақпараттар жиналады.  

Ол бүгінде қоғаммен қарым-қатынас әлі де жеткілікті түрде тиімді емес екенін атап өтті. Министрдің айтуынша, фейк ақпаратты әсіресе мессенджерлер арқылы тарату туралы көптеген проблемалар бар. 

– Осыған байланысты www.coronavirus2020.kz сайтының іске қосылғанын жариялағым келеді. Бұл ресурста төтенше жағдай бойынша, карантин кезіндегі тәртіп пен мемлекеттің коронавирусқа қарсы жасап жатқан шаралары жөнінде, сондай-ақ, желіде тараған жалған мәліметтерді теріске шығару және басқа да барлық өзекті ақпараттар жинақталады, – деп жазды министр Facebook  парақшасында. 

Сайтта аурудың алдын алу, симптомдар, инфографикалар, суреттер форматындағы симптомдарды анықтау кезіндегі мінез-құлық ережелері туралы пайдалы ақпарат беріліп отырады. 

– Азаматтар үшін арнайы «Сұрақ-жауап» бөлімі құрылады, оның аясында азаматтар барлық қызықтыратын сұрақтарға жауап ала алады. Сіздерден осы ақпаратты бөлісуді және тек сенімді көздерге сенуді сұраймын, – деп атап өтті министр.

informburo.kz

Басқа материалдар

Back to top button