Жаңалықтар

Қазақстанда әкімдердің жұмыс мерзімін шектеу ұсынылды

Мәжіліс депутаты облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің жұмысына 5 жыл мерзім белгілеуді ұсынды, деп хабарлайды ortalyq.kz Egemen.kz. сайтына сілтеме жасап.

Премьер-министрдің атына жолданған депутаттық сауалды жеткізген мәжіліс депутаты Ерлік Өмірғали «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға сәйкес әкімдер Президенттің өкілі екенін атап өтті. Оның айтуынша, осыған байланысты құқықтық қайшылық туындайды.

– Партияға мүше болуға тыйым салынған адам қалай партия мүшесі бола алады. Олардың мәртебесі Президенттен жоғары ма?-деді депутат.

Ол облыстар мен қалалардың әкімдеріне қызмет ету мерзіміне саяси партияларға мүше болуға тыйым салуды және облыс пен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің өкілеттігін 5 жыл мерзімге шектеуді ұсынды.

Басқа материалдар

Back to top button