Спорт

Қазақстан теннис құрамасы Польшамен өтетін матчқа дайындықты бастады

Қазақстан әйелдер құрамасы елордадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында 14-15 сәуірде Билли Джин Кинг кубогы іріктеу кезеңі аясында Польшамен өтетін матчқа дайындықты бастады.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қос құрама ойыншылары Астанаға келіп, жаттығуға кірісті.

Алғашқы болып топырақ төсенішіндегі кортты Анна Данилина мен Юлия Путинцева байқап көрді.

Ойындар 14-15 сәуір күндері Астана уақытымен 13:30-да басталады. Алғашқы күні екі жекелей сындағы кездесу жоспарланған. Ал, 15 сәуірде екі жекелей және бір жұптық сындағы бәсеке нәтижесінде жеңімпаз команда анықталып, командалық әлем чемпионатына жолдама алады.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button