Аймақ

«Қазақстан» шахтасындағы кеншілер қанша жалақы алады?

Қарағанды өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «АрселорМиттал Теміртау» тау-кен сегменті атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай шахтерлердің жалақысын атап өтті.

 

– Жұмысшылардың жалақысын шамамен айта аламын. Ол әр түрлі жағдайларға байланысты. Кен өндіру учаскесінің үңгушісі шамамен 860-880 мың теңге жалақы алады. Бірақ ол үшін жоспарды, техника қауіпсіздігі мен өндірістік көрсеткіштің барлық шарттарын орындауы қажет. Бұл – бесінші разрядтағылардың жалақысы. Ал қосалқы учаскенің үшінші разрядты жерасты тау-кен жұмысшысының жалақысы 500-515 мың теңге шамасында. Олар да техника қауіпсіздігі мен өндірістік көрсеткіштің барлық шарттарын орындауы тиіс, – деді ол.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button