Спорт

Қазақстан Ұлттық құрамасы: алда 6 маңызды матч бар

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы «EURO-2024» ойындарына іріктеу кезеңінде сәтті ойын көрсетіп жүр. Бүгінде өз тобында 9 ұпаймен ІІ орында келеді. Ұлттық құрама қыркүйек айында топта көш бастап келе жатқан Финляндия құрамасымен кездеседі. Одан бөлек, Ұлттық құрама жігіттері желтоқсан айына дейін 5 маңызды ойын өткізеді.

7-қыркүйекте Ұлттық құрама Финляндия құрамасын өз алаңында қабылдайды. Қазір Финляндия құрамасының қоржынында – 9 ұпай. Ал, 10-қыркүйекте Солтүстін Ирландия құрамасымен Елордада кездеседі.

15-қазанда сырт алаңда Дания құрамасымен ойнайды. Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық құрама жігіттері наурыз айында Дания құрамасын өз алаңында қабылдап, 3:2 есебімен жеңіске жетіп, сенсация жасаған болатын. Сол айдың 17-сі күні Ұлттық құрама сырт алаңда Финляндиямен қарымта ойын өткізеді.

17-қарашада Сан-Мариноны өз алаңында қабылдап, 21-қарашада сырт алаңда Словенияға қарсы ойын өткізеді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button