Ресми

Автожолдарды жөндеу жобаларында 1500-ден астам жұмыс орны ашылады

Қарағанды облысында автомобиль жолдарын жөндеу жалғасуда. 2020 жылға жоспарланған 32 жобаны іске асыру барысында 1500-ден астам жұмыс орны ашылады.

  • Елдегі төтенше жағдай мен облыстағы карантин шектеулеріне қарамастан, тұрғын үй құрылысы және жолдарды жөндеу бойынша жоспарларды жүзеге асыру міндеті басымдыққа ие болып отыр, – деп мәлімдеді Жеңіс Қасымбек селекторлық режимде өткен аппараттық кеңес барысында.

Жиында сонымен қатар, екінші бесжылдық аясында облыстық және аудандық маңызы бар 3 000 шақырымнан астам автомобиль жолдарында жөндеу жұмыстарын өткізу жоспарланып отырғаны айтылды. Сондай-ақ, бұл шамамен 7 500 жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретіні, 2025 жылға қарай облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 95%-ға дейін жеткізілетіні тілге тиек етілді.  

– 2020 жылы 32 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, оның ішінде 20 учаскеге орташа жөндеу, бір жолға күрделі жөндеу, сондай-ақ жеті жол мен төрт көпірді қайта жаңарту жоспарлануда, – деп хабарлады Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әскербек Халтонов.

Оның айтуынша, биылғы жылы облыстық және аудандық маңызы бар 533 шақырым автожол жөндеуден өтеді. Барлық жол нысандарында 1 500-ден астам жұмыс орны ашылады. Жыл қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автожолдар көрсеткіші 84%-ға дейін артуы тиіс.
Новодолинка – Шахан – Молодецкое, Осакаровка – Молодежное, Қаражал – Атасу, Абай – Қарабас – Жартас – Долинка, Киевка – Шахтер – Пржевальское, Қарағанды – Үштөбе – Құрылыс.

Сондай-ақ, аппараттық кеңесте Қарқаралы мен Ұлытау аэродромдары құрылысының жоспары талқыланды. Жаңа құрылыс өңірдегі туризмді дамыту үшін қажет. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Жобаларды іске асыру 2022-2023 жылдары белгіленіп отыр.

Басқа материалдар

Back to top button