Жаңалықтар

Ауыл әкімдерінің форумы өтті

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев  2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына  Жолдауында «Міндет – 3 жыл ішінде АӨК-дегі өңделген өнімнің үлесін 70 пайызға арттыру» қажеттілігін айтты. Осыған байланысты ауданның әлеуметтік тұрмыс-тіршілігін көтеру мақсатында жиын ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары  Асанов Бауыржан, Қарағанды облысы бойынша «Аманат» партиясының төрағасы Алтынбеков Бекзат, Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мусин Саят, «Сарыарқа» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары Абдыханов Еркінбек, Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры Күлпейісов Ернар, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облыстық филиалының директоры Байбосынов Серікжан қатысты.

Жиын барысында «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылуына енгізілетін өзгерістер, ауыл тұрғындарына жеке қосалқы шаруашылықтармен және мал бордақылау кешендерімен бірлесіп ауылдық сервистік-өндірістік кооперативтер құру, тауарлық несие, ірі компаниялар мен аудандағы шаруа қожалықтары арасындағы меморандум, жобалық кеңсе жайлы сөз қозғалды.

«Жақында облыс басшысы Ермағанбет Қабдулаұлы ірі кәсіпорындармен келісімге қол қойып, ауыл шаруашылығындағы тауар өндіретін кәсіпкерлерге серпін берген болатын. Біздің аудан «Қармет» Акционерлік Қоғамымен меморандумға қол қойдық, алдағы уақытта ауданымыздың ауыл шаруашылық тауарлары «Қармет» қызметкерлерін тауармен қамтамасыз ететін болады. Осы жылы да осындай ірі компаниялармен меморандумға қол қоятын боламыз. Бұл, ең алдымен, билік тарапынан жасалып жатқан үлкен көмек деп айтуға болады», – деп атап өтті аудан әкімі Ерлан Құсайын.

Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша сұрақтарды жедел шешу және жобаларды қарастыру мақсатында ауданда «ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ» құрылған болатын. Оның басшысы болып Қайрат Қожахметұлы тағайындалды.

Ержан Имаш,

Бұқар жырау ауданы

Суреттер ұйымдастырушылардан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button