Сайлау – 2021

Ауыл әкімдерін сайлау: Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ қазақстандықтарды ауыл әкімдерін сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

«25 шілдеде Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Бұл оқиға саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді. Сайлаушыларды дауыс беруге белсенді қатысуға шақырамын. Халықтың мүддесі үшін барлық қажетті өзгерістерді жүзеге асыру керек», – деп жазды Президент Twitter-де.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында ауыл әкімдерінің алғашқы сайлауы 25 шілдеде 149 елді мекенде өтеді. 75 орынға 268 канддат үміттенуде: 81 – саяси партиядан және 187 өзін-өзі ұсынған. Болашақ ауыл басшысына 81 мыңнан астам сайлаушы дауыс бере алады..

Басқа материалдар

Back to top button