Ауыл әкімдері ауысты
Бұқар жырау ауданында 6 кенттік және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Марат Нұрланов сайлау барысында заңбұзушылықтар болмай, 2 округтен басқа 4 округтің әкімі ауысып, жаңарғанын айтады.
Мәселен, Қушоқы кентінің әкімі Халил Рыспеков пен Жаңаөзен ауылдық округінің әкімі Мейрам Сыздықов осы сайлауда басым дауысқа ие болып, әкімдік жұмыстарын бұрынғыша жалғастырады. Ал қалған 4 ауылдық округке сайлаушылардың таңдауымен жаңа әкімдер сайланды. Яғни Қарақұдық ауылдық округінің әкімі болып аудандағы “Арлан” спорт клубының меңгерушісі Мирас Зәруов, Бұқар жырау ауылдық округі әкімінің қызметіне “Жақсыбай” ШҚ басшысы Азамат Байғожин, Ростов ауылдық округінің әкімі лауазымына “Евразиан Фудс” экономикалық қауіпсіздік жөніндегі маманы Ерлан Әбішев, Шешенқара ауылдық округінің әкіміне аталған округ әкімдігі аппаратының бас маманы Әсет Шалтаев сайлаушылардың тікелей дауыс беру жолымен сайланды.
Бұлардың алтауын да республикалық “Аманат” партиясының аудандық бөлімшесі ұсынған.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы