Жаңалықтар

Қауіпсіздік – назарда

    «ЭКСПО-2017» көрмесі аумағында ҚР ІІМ Ішкі істер бөлімінің ресми ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға ҚР Ішкі істер министрлігі өкілдері, Астана қаласы ІІД басшылығы, «ЭКСПО» қауіпсіздік қызметі мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Жиын барысында Астана қаласы бойынша Ішкі істер департаментінің басшысы Амантай Әубәкіров БАҚ өкілдеріне жаңадан ашылған Ішкі істер бөлімін таныстырды. Онда заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған кабинеттер, тир, спортзал және тағы басқа бөлмелер бар.

«ЭКСПО – 2017» жобасы аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Астана ЭКСПО – 2017» Ұлттық компаниясы мен құқық қорғау органдары бірігіп әрекет етуге қатысты ортақ жоспар құрып, сол жоспардың орындалуын жүзеге асыратын болады. Осыған қатысты тиісті жұмыстар атқарылуда.

«ЭКСПО аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 9 мыңға жуық құқық қорғау органдарының өкілдері мен Ұлттық гвардия мен Қорғаныс министрлігінің әскерилері, сондай-ақ, жеке күзет құрылымы мен еріктілер жұмылдырылады. Шетел азаматтарының өтініштеріне дер кезінде әрекет ету үшін полиция қызметкерлеріне ағылшын тілін меңгеру курстары жүргізілді», – деді Астана қаласы ІІД басшысы Амантай Әубәкіров.

Астана мен Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайларда және ЭКСПО-ның Халыққа қызмет көрсету орталығында, сондай-ақ, қаланың 40 қонақ үйінде миграция­лық бақылау жұмыстарын тездету үшін миграциялық пунктер қарастырылған. Шетелдік азаматтарды тіркеу процесін жеңілдету мақсатында қаладағы 23 қонақ үйде, заңды және жеке тұлғалардың өтінімдері бойынша автоматтандырылған режимде Электрондық Үкімет порталы арқылы шетелдік қонақтарды онлайн-тіркеу жүргізілетін болады.

Ал, «ЭКСПО-дағы» қауіпсіздік мәселесіне келетін болсақ, шараны ұйымдастырушылар Шанхай, Йосу, Миланда өткен халықаралық көрмелер мен Баку және Сочиде өткен спорттық жарыстардағы халықаралық тәжірибені егжей-тегжейлі меңгерді.

«Жұмыс қорытындысы бойынша «ЭКСПО – 2017 кешенді қауіпсіздік жүйесі» жобасы құрылып, жүзеге асырылатын болады. Онда әлемдік жетекші өндірушілердің қауіпсіздік саласындағы техникалық жетістіктері қолданылады. Кіру топтарына ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, тексеру құралдарымен жабдықтау, көрме аумағында келуші қонақтарға жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тыйым салынған заттарды міндетті түрде тексеруден өткізу талап етіледі. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жүкті әйелдерге, балаларға арналған бөлек жол қарастырылған», – деп баяндады Ұлттық компания қауіпсіздік Департаментінің Директоры Рустам Чакенов.

«ЭКСПО» аумағында жедел әрекет ету үшін Астана қаласы ІІД оперативті басқару Орталығына қосылған 2 мыңнан астам бейне-бақылау камералары орнатылған және адам тану міндеттерін атқаратын 140 бейне камералары бар.

«ІІМ Басшысы жетекшілігімен тиісті мемлекеттік органдары, сондай-ақ, қауіпсіздікпен қамтамасыз ету орталығымен бірлесе отырып, «ЭКСПО» аумағында ведомствоаралық оперативті штабы құрылды. Қазақстанда өтетін жаhандық жобаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жаңадан ашылған Ішкі істер бөлімінің маңызы зор» – деп қорытындылады Астана қаласы ІІД Басшысы Амантай Ақрамұлы.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтетін Халықаралық мамандандырылған көрмеге 5 млн.-нан астам келушілер күтілуде.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button