Қарағанды

Қауіпсіздік ережесін сақтайық!

       № 27 орта мектепте қалалық білім беру мекемелері мен жазғы демалыс лагерьлерінің басшыларымен әдістеме-нұсқаулық жиын өтті. ТЖ Басқарма мамандары орын алған төтенше жағдайдарларға азаматтардың әрекеті жөнінде арнайы дайындалған жадынамаларды мұғалімдерге таратып, оны мектеп оқушыларының ата-аналарына таныстыруды тапсырды. Мектеп жанындағы алаңдар мен лагерьлерде жазғы демалу маусымы кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаты көзделді. Жыл басынан бері қала оқушыларымен қауіпсіздік шаралары туралы жұмыстар жүргізілді. Мектептегі сынып сағаттарында түрлі викториналық «Азаматтардың судағы қауіпсіздігі», «Алғашқы медициналық көмек көрсету», «Өрт қауіпсіздігін сақтау», «Біздің аумақтағы болатын ТЖ әрекет ету», «Жолда жүру ережесі» ойындары өткізілді.

Алдағы уақытта қалалық ТЖ басқармасы мемлекеттік емес ұйымдар мен білім беру бөлімімен бірлесіп жазғы сауықтыру лагерлеріне баратын оқушылармен ТЖ алдын алуға бағытталған шараларды жүргізу жоспарланған. Оқулар қала аумақтарындағы жақын мектептерде өткізіледі. Олар қаланың Оңтүстік – Шығыс, Пришахтинск, Майқұдықтың мектептерінде өткізуді ұйымдастыру көзделген.

Сондай-ақ, жаз айларында сауықтыру лагерінің түлектерін қаладағы кітапхана, арнайы кітап көрмелеріне мәдени жорық ұйымдастыру жоспары бар. Балалар жаз айларында орын алатын түрлі төтенше жағдайларда әрекет ете білу сабақтарын үлкен ынтамен тыңдайды деген сенімдеміз. Өйткені, бұл мәліметтер күнделікті тіршілікте қолданылатыны белгілі.

Р. МУСИНА,

Қарағанды қаласы ТЖ Басқармасының бас маманы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button