Қарағанды

Қауіпсіздік – қатаң бақылауда

   Аймағымызда өткен «Жол жүрудің қауіпсіздік апталығы» атты  республикалық шара барысында Қарағанды қаласының ІІБ Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері «Жүргізуші, рольде алаңдама!» және «Жолда көрнекі бол!» тақырыбында баннер орнатты.

Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымене аталған баннерлер «Көгілдір тоғандар», «Карл Маркс» көшелерімен Республика даңғылына орналастырылды. Сонымен қатар, балаларға жол-көлік апаттарын ескерту үшін «Сити Молл» сауда орталығы және «Бірінші маршруттық арнаға» қоғамдық көліктердің мониторларымен билборд экрандарында көрсету үшін профилактикалық бейнероликтер жолданды. «Демеу» ЖҮЕМ мүшелерімен бірлесе №6 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптары  жарыққайтарғыш білезіктер, ал сөмкелеріне жарыққайтарғыш элементтері бар смайлик түріндегі жабыстырғыштарды тағып 30 оқушы шараға атсалысты. Сондай-ақ, Республика 30 даңғылында, «Құлыншақ» балалар үйінің 30 тәрбиеленушісінің қатысуымен «Балалар жолдағы қауіпсіздік үшін» атты іс-шара өткізілді. «Біз қауіпсіздік үшін» – деген үндеу жолдау іспеттес ашық аспанға шар мен көгершіндер ұшырылды.

Әсемхан САҒАТҚЫЗЫ,

Қарағанды қаласының ІІБ МТАБ жетекші маманы.                               

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button