Жаңалықтар

«Атыраудан» осал шықты

     Ел чемпионатының шеңберінде «Атыраумен» кездескен «Шахтер» 3:1 есебімен ұтылып қалды.

Шацкийдің қақпасына «атыраулық» Ризван Аблитаров (15-ші минут), Новица Максимович (55-ші минут), Елдар Абдырахманов (71-ші минут) бір-бір доптан тоғытты.

Ал, қарағандылықтар Игорь Пикалкиннің 24-ші минуттағы жалғыз голымен жауап қатты.

«Шахтер» қазір чемпионат кестесінің бел ортасында. Еншісінде – 7-ші орын. Жиып-тергені, әзірге, 33 ұпай.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button